Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

2023 «Бір жол бір белдеу»баспа ынтымақтастығын бірлесіп құру жөніндегі форумы

Бірінші кезекті Қытай-Орталық Азия бапа ынтымақтастығы форумы

   2023 жылдың  24 қазанында «Халықаралық баспа ынтымақтастығын бірлесіп құру, жаһандық өркениет бастамаларын жүзеге асыру» тақырыбы айясында  «Бір жол бір белдеу» халықаралық баспа ынтымақтастығы форумы және Қытай-Орталық Азия баспа ынтымақтастығының алғашқы форумы  Астана қаласында өтті. Бұл реткі форум «Бір  жол бір белдеу» халықаралық баспа ынтымақтастығы жөніндегі 3-ші  форумының көпжақты бірлескен қорытынды құжаттар тізіміне енді. Сонымен қатар Қытай Халықтық университеті баспа үйінің «Бір жол бір белдеу» жобасындағы тағы бір айтулы жетістігі болды.

                                                                                                                

Форум жүріп жатқан кез

 

                                                                                                           

Формға қатынасқан делегаттар

Бұл реткі форумға мемелекеттік баспасөз қызметі жетекшілік етті.  Қытай Халықтық университеті мен Қазақстан Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды. Қытай Халықтық университеті баспа мен Қазақстан Еуразия ұлттық университетінің «Баспасөз орталығы», «Бір жол бір белдеу»бастамасы бойынша баспа ынтымақтастығы және Халықаралық мәдени алмасу альянсы бірлесіп атқарды.  Қытай Халықтық университеті партия комитетінің хатшысы Чжан Дунган мен Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Син Фанфан форумға қатысып, сөз сөйледі. Форумға Қазақстан Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақыш Серік, стратегиялық даму жөніндегі проректор Думан Ремазан және Ли Юнцян т.б. келді. Кездесуге Орталық Азияның бес елінен, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан 70-тен астам баспа мекемелерінің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 Чжан Дунган өз сөзінде бұл форумды шақыру «Бір жол бір белдеу»  жобасының 10 жылдығына орай баспа индустриясы, сондай-ақ  бірлескен сапалы жұмыс негізінде «Бір жол бір белдеу» стратегиясының талаптарын терең зерттеу, іске асыру жолындағы маңызды шара екеніне тоқталып, Қытай Халықтық университеті баспа үйі мен «Бір жол бір белдеу» жобасы баспа ынтымақтастығын нығайтып,  байланыс көпірі ретінде маңызды рөл атқарып, өркениеттердің қатар дамып өмір сүруді ұстану арқылы Қытай мен Орта Азия елдерінің мәдени мұрасын жалғастыру; өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту; Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени алмасуларды тереңдету; өзара білім алуға жәрдемдесу, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия елдерінің ортақ дамуына атсалысу деді.

Син Фанфан Қытай Халықтық университеті баспа үйі Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейінгі алғашқы университет баспа үйі ретінде «Бір жол бір белдеу» баспа ынтымақтастығын бірлесіп құруға бастамашы болғанын және баспа ісін ілгерлету жолындағы  маңызды ролын құаттады. Ол тағы баспа кооперативі құрылғаннан бері пайдалы ізденістерді белсенді жүргізіп, көптеген жемісті жұмыстар атқарғанын, бұл «Бір жол бір белдеу» жобасына қатысушы елдердің жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуға тиімді ықпал еткенін, жоғары білім беру, кітап аудару және баспа ісі саласындағы ынтымақтастық  дамығанын атап өтті.

Мақыш Серік Қытай Халықтық университетінің баспа үйі мен Еуразия ұлттық университетінің баспа үйі әрқашан тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста болғанын, олар бір-біріне бірнеше рет барып, Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде мәдени алмасу іс-шараларын бірлесіп ұйымдастырғанын айтып, алдағы уақыттағы ынтымақтастыққа тоқталды. Ол сондай-ақ Қытай мен Қазақстанның жоғары білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуді және екіжақты білім беру саласындағы ынтымақтастық пен алмасуды бірлесіп ілгерілетуге көбірек үлес қосуды атап өтті.

Ли Юнцян «Бір жол бір белдеу» баспалар ынтымақтастығы ұйымының төрағасы ретінде «Мәдени байланыс және өзара көмекті ілгерлету арқылы жоғары сапалы басылымдарды көбейту» тақырыбымен қорытынды баяндама жасады. Оның айтуынша, кооператив құрылған күннен бастап бас хатшы Си Цзиньпиннің сөзінің рухын жүзеге асырып «Бір жол бір белдеу» жобасы аясында елдегі баспа ісінің өркендеуіне зор үлес қосты. Кооператив алдымен бейбіт түрде ынтымақтастықты нығайтып ашықтық негізінде  баспа ынтымақтастығы платформасын құрды, бұл «Бір  жол бір белдеу» жобасына қатысатын  баспа агенттіктерінің оң бағасы мен қолдауына ие болды. Екіншіден, кооператив ашықтық пен кең пейілділік рухын насихаттап, қызметкерлер  арасында өзара түсіністік пен іскерлік байланыстарды тиімді нығайтатын көпжақты өркениетті диалогтар мен алмасулар жүргізді. Үшiншiден, кооперация Қытай мен шетелдiк өркениеттiң ықпалдасуына жәрдемдесу мақсатында өзара бiлiм беріп, үйрену рухын кемелдендіріп, Қытай мен шет елдер арасында кiтап басып шығару саласындағы алмасуды жалғастырды. Соңында, кооператив өзара тиімділік пен «табысқа жету» рухын насихаттап, кооперацияға мүше бөлімшелердің, әсіресе Орталық Азиядағы баспа ынтымақтастығының дамуына ықпал етті деді.

Бұл форум «Бір жол бір белдеу» бойындағы елдерінің баспа саласындағы ынтымақтастығын жоғары деңгейге көтерді. Форум және «Бір жол бір белдеу»  баспа ынтымақтастығы аясында Қытай-Орталық Азия елдері баспа  ынтымақтастығын нығайтып, Орталық Азияның бес еліндегі баспалардың оң бағасын алып, бірлескен декларация жариялады. Форумға қатысушылар Қытай мен Орталық Азия елдері баспа саласындағы ынтымақтастығының үлкен әлеуеті бар екенін және Қытай мен Орталық Азия баспа ынтымақтастығы механизмінің рөлі толық екенін,  ынтымақтастық ауқымын жан-жақты арттыруға, баспагерлер ісін ілгерілетуге дайын екендіктерін білдіріп, әртүрлі нысандары арқылы тәжірибе алмасуға болатынын айтты. Форум сондай-ақ Орталық Азия елдерінде қытай үлгісіндегі модернизацияның тарихын баяндайтын және Орталық Азиядағы модернизацияның дамуына анықтамалық беретін «Қытай үлгісіндегі модернизацияны зерттеу сериясы» (бірінші том) атты еңбекті қазақ және өзбек тілдерінде шығуына мұрындық болды.

Қытай Халықтық университеті партия комитетінің хатшысы Чжан Донган мен экс- ректор Лю Вэй құрастырып редакциялаған «Қытай үлгісіндегі модернизацияны зерттеу сериясы» «Қытай үлгісіндегі модернизацияның» теориялық және практикалық мәселелерін терең саралап, жоғары деңгейлі философиялық, әлеуметтік ғылымдардың зерттеу нысандарын біріктірген кітап. Еңбек «Қытай үлгісіндегі модернизацияны» тірек сөз ретінде пайдаланып, социалистік модернизацияның тарихи тәжірибесін, теориялық логикасын, практикалық мәселелерін, болашақтағы даму бағыттарын жүйелі түрде зерттеп, сұрыптап, Қытай даму жолын, Қытай елін біртұтас басқаруды терең түсіндіреді. «Қытай үлгісіндегі модернизацияны зерттеу сериясы» қазіргі уақытта ағылшын, қазақ, өзбек және малай тілдеріндегі нұсқалары жарық көрді.