Аннотация:
«Лунь юй» – ең танымал философиялық мәтіндердің бірі, конфуцийшілдіктің негізгі кітабы. «Лунь юй» еңбегін ұстазының айтқан нақыл сөздерін және диалогтерін жазып алған Конфуцийдің шәкірттері құрастырған деген болжам бар. Аталған еңбек қытай тілінен аударылып, кеңінен түсіндірме берілген.
Кітап қытайтанушы мамандарға, студенттерге және қытай философиясы мен мәдениетіне қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналған.
Лунь юй: Конфуцийдің пайымдары мен ойлары.《论语译注》
Қытай тілінен аударған Ш.Ибрагимқызы. – Алматы: «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы ЖШС