Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

ШАЛҒАЙ ШАҺАР ШЕЖІРЕСІ

    «Хулучжэнь қаласының тарихы» кітабын қытай тілінен Ж.Қайрат, Қ.Дәлелқызы, С.Бәзілбек тәржімалаған. Кітапта қытай әдебиетінің көрнекті өкілі, қазіргі заманғы шағын           прозаның танымал шебері Лао Маның хикаяттары берілген. Көптеген хикаяттарына қытай халқының Үлкен секіріс пен Мәдени төңкеріс кезінде басынан кешкен нәубетті     жылдардың және одан кейінгі кезеңнің оқиғалары арқау болған. Төменде сол хикаяттардан шағын үзінді беріп отырмыз...

 Хулучжэньде қауақ өспейді, есесіне ауылдың әрбір тұрғынының бау-бақшасында асқабақ шығады. Егін бітік шыққан жылы асқабақтар диірменнің тасындай үлкен болады.   Асқабақты көбіне ірі жемісті деп те атайды. Пісіп жетілгенде оны буға бұқтырып, тамаққа қосады, дәмі тәтті болған соң, оны бөлек тағам ретінде де, гарнир етіп беруге де әбден   болады. Хулучжэнь қаласының өмірі тек осы асқабақтың арқасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді десек, асыра айтқандық емес. Әрине, «қауақ» та өмірдің жалғасуындағы еркектің күш-қуатының нышаны ретінде өзіндік рөл атқарады. Шындығын айтқанда, Хулучжэнь – қала емес, бар болғаны үлкен ауыл ғана. Қысқасы, Хулучжэнь қалашығының атауы шындыққа жанаспайды: оны асқабақтың құрметіне Вогуацунь ауылы деп атаған дұрыс болар еді. Бір күні бәз біреулер қалашықтың атын өзгертуді ұсынған. Жергілікті ауыл басшысы кең пейілімен келісімін беріп: «Мейлі, ендеше, Хулучжэнь өлкесі болсын!» деді. Бірақ ақыр аяғы бұл атауы да мақұлданбай қалды. Қала үлгісіндегі ауыл тұрғындары өздерін қала тұрғындары деп атағандықтан, жақын маңайдағы ауылдардың тұрғындары өздерін олардан бір саты төмен санайтын. Жергілікті балақайлардың есімі ретінде жиі «Піскен жұмыртқа», «Иттің күшігі», «Қошқар мүйіз», «Шошқаның құйрығы» тәрізді қызықты сөз тіркестері қолданылады. Бірақ қалашықтағы азаматтарды тіркеу кітабына үңілетін болсақ, И қарияның балаларының қарапайым аттарынан басқа, атышулы есімдерді кездестіруге болады, мәселен, Ван Дачэнь (министр Ван), Чжан Цзайсян (канцлер Чжан), Сюй Цзунли (премьер-министр Сюй), Сунь Чжишу (партия ұйымының хатшысы Сунь), Ху Чэнсян (статс-хатшы Ху) және т.б. Істің мән-жайынан хабарсыз адам бұл есімдерді естігенде шошып, құдды бір патша сарайында жүрген шығармын деп ойлауы әбден мүмкін. Хулучжэнь ауылын қала ретінде көру, мүмкін, аға буынның арманы болса керек. Хулучжэнь қалашығының тарихы жоқ, дәлірек айтсақ, жазбаша құжатталмаған. Осындай қала, не ауыл болғаны туралы ешқандай дерек қалмаған, оқиғалар тек қарттардың жадында және қиялында сақталған. Қалашық тұрғындары тарихи хикая туралы баяндағанда әңгімесін «біреулердің айтуынша...» деп бастайды. Сонда олар кімнің тарихын әңгімелейді? Губернатор Ду, министр Фан, басшы Гуанның тарихын. Губернатор, министр, басшы – мұның бәрі лауазым емес, бар болғаны қарапайым есімдер. Осындай есімді адамдар да «Иттің күшігі» немесе «Сиырдың тезегі», «Сасық» аталатын адамдар сияқты сиыр бағатын, егін егетін және арбамен жүретін. Қысқасы, Хулучжэнь тарихының шынайылығы үлкен сұрақ тудырады.

***

Қалашық Хулучжэнь деп неліктен аталғаны әрқашан жұмбақ болды. Қариялардың айтуынша, баяғыда Хоушань тауындағы (Тайшань тауының басқаша атауы) жолбарыс үңгірінде (таудың биіктігі теңіз деңгейінен 40 метрден аспайды) алтын қауақшаны жасырып қойған. Кім жасырған? Әрине, құдайлар, басқа кім болуы мүмкін?! Нақты қай құдай? Оны айту қиын. Осындай ешбір мағынасы жоқ аңыз-хикаяларға, тіпті әңгімешілердің өздері де сенбесе керек. Егер осы алтын қауақ шынымен бар болса, оны осы меңіреу жерде кім жасыруы мүмкін? Дегенмен, И Ши бала кезінде: «Біздің тұрып жатқан жер қауақшаға ұқсайды» деп дұрыс айтқан екен. Топографиялық картаға қарағанда қалашықтың пішіні қауақ тәрізді. Бірақ И Ши сөзінің астарында басқа бір мағына жатқан жоқ па? Бұл жайында өзі де толығымен ойланып көрген емес және басқалар да одан сұраған емес. Карта пайда болмас бұрын, біреулер қалашықты жоғарыдан көру үшін Хоушань (Тайшань) тауына көтерілетін – бұл қаланың ең биік нүктесі болса да, елді мекен алақандағыдай толық көрінбейтін еді. Оған И Ши: «Ой, ақымақтар, таудан тек қана ағаштар көрінеді ғой, қауақшаны көре алмайсың» деп іштей күліп, аяқтарын алшайтып тұрып еңкейіп жерге басын қаратып, аяқтарының арасына сұғып: «Осылайша қараған дұрыс!» дейтін. Сонымен бірге И Ши аспанға шығатын саты жасап, адамдар сатының төбесінен төменге қарауы үшін оны таудың шыңына қоймақшы да болған. Бірақ, кейін ол: «Саты жасаған соң, оны қайда тіреп қоямын» деген пайымдаумен өз ойынан бас тартты. Бұл проблеманы ешкім шеше алмады.

***

Үш жыл бойы Хулучжэньда егін шықпай, тұрғындардың бестен бір бөлігі – сол жердегі ақымақтардың санымен тең – аштықтан қырылды. Әр отбасы кем дегенде бір адамнан айырылды. Тіпті үй-ішімен түгел қайтыс болған екі түтін де болды. Үш отбасында ешкім қаза болған жоқ, ол ауылдық кадр жұмысшыларының отбасылары еді. Бұрынғы жылдары асқабақ диірмен тасындай болып ірі шығатын, қуаңшылық жылдары олардың үлкендігі кішкене тостағаннан аспайтын. Ашыққан жұрт ағаштың қабығын сылып, өсімдіктердің түбірлерін қазып алып жеп қойды. Ал жүгері жомы мен гаолян өсімдігінің ұсақталған сабағы қадірлі қонақтың алдына қоятын тағамға айналды. Бүкіл ауыл шемен ауруы мен іштің кебуінен зардап шегіп, көпшілік қан аралас іш өту ауруына душар болды. Ол кезде И Ши он жастан енді асқан кезі, күні бойы аштыққа шыдамай екі қолын сүйегі көрінгенше кеміретін. Әжесі қолын аузына салудан жиіркенсін деген оймен әдейілеп тауықтың саңғырығын жағып қоятын. Осылайша, немересінің қолы аман қалды. Бірде И Шидің әжесі тәтесінің үйінен асқабақтың кішкене тілімін алып келіп, ешкімге көрсетпестен үлкен немересінің аузына тығып жіберді. И Ши тілімді бірден жұтып жіберуге көзі қимай, асықпай отырды. Ол әжесіне: «Әмірші болсам күнде асқабақ жейтін едім, үлкен-үлкен тілімдерін, – деді. Одан соң, – Әже, сен ашсың ба? – деп сұрады. Әжесі көз жасын жасырып, күлімдеп: – Жоқ, ботам, әжең аш емес, әжең бүкіл өмірі бойы асқабақ жеп, әлдеқашан тойған» деп жауап береді. Келесі түні әжесі қайтыс болды. И Ши оның аузынан жабысқақ сары балшықтың түйірін шығарып алды. «Әжем қызық екен, – дейді И Ши, – аузындағы асқабақ қалайша балшыққа айналған?»...

 

ТАУЛАР  АРАСЫН ЖАҚЫНДАТҚАН…

Шыңжаңдағы Гоцзыго көпірі – Ляньюньган-Қорғас арасын жалғайтын маңызды аймақ. Көпірдің ұзындығы 700 метр, шамамен, 2000 метр биіктікте салынған. Ол Шыңжаңдағы алғашқы үлкен көпір және Гоцзыго табиғат белдеуіндегі басты көрнекті орынға айналған. 

Шыңжаңдағы бұл көпір басын қар басқан таулар арасын жалғайды. Үрімші-Іле күре жолын жалғайтын бұл көпір ежелгі Жібек жолының солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұрынырақта Гоцзыго жазығында табиғи апат жиі байқалатын еді. Соның кесірінен көпірлер бұзылып, аймақ пен аймақ арасы алшақтап кететін. Гоцзыго көпірі осы олқылықтың орнын толтырып, әрі көпір арқылы өткен әрбір адамның тұма табиғаттың таңғажайып көркіне көзі тоя түсті.

Нұрғиса САҚ