Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

«Шығыс әдебиеті және өнері» Баспа компаниясынан» Фың Ишудың «Қылқалам арқауы – Жібек жолы» кітабы жарық көрді. Орталық Азия және Қытай мәдениетімен жақын танысуға ынталы, халықаралық мәдениетаралық қарым-қатынасқа қызығатын оқырманға арналған кітап адамзат мәдениеті туралы танымдық ақпаратқа толы.

  Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Р.Алимов кітап туралы пікірін былай білдірген екен: «Қолыңыздағы кітап қамтыған географиялық кеңістік – Азия-Еуропа атты   жаңа континенттік көпір түскен елдер, Арктикадан Үнді мұхитына дейін және Тынық мұхиттан Балтық теңізіне дейінгі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер – бір-бірімен   белсенді түрде қарым-қатынас орнатқан кең-байтақ жер. Кітапта Қытай мен Орталық Азияның достық байланысының мың жылдық тарихы баяндалып, «Бір белдеу – бір жол»   тұжырымдамасының негізін құрайтын мәдени аспектілері көрініс тапқан; кітапта өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, өзара кеңес алмасу, мәдени әртүрлілікке құрмет көрсету мен   ортақ дамуға талпыну туралы айтылады.

 Қытай халықаралық баспа корпорацияларының жетекші баспаларының бірі тарапынан басуға дайындалған бұл кітап Қытай мен шет елдердің мәдениеті туралы танымдық ақпаратқа толы. Бұл кітап дүниежүзінің мәдениетімен жақын танысуға ынталы жандарға тамаша көмекші құрал болмақ. Бүгінгі халықаралық  жағдай Шанхай ынтымақтастық ұйымына әрі қарай даму, серіктестік байланыстар мен мәдени диалогты нығайту және өрістету үшін жаңа тарихи мүмкіндік беріп отыр. Еуразия құрлығының сегіз мемлекетінен құрылған ұйымға мүше елдер жаңа және орасан зор жетістіктерге қол жеткізу жолында бірлесіп әрекет ететін болады. Чиндауда өткен ШЫҰ саммиті (2018 жылдың 9-10 маусымы) ШЫҰ тарихында жаңа дәуірді ашатыны сөзсіз. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің жастары да қарым-қатынасты нығайтып, өзара түсіністікті жетілдіретініне, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастығына, өңіріміздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ортақ даму мен гүлденуге елеулі үлес қосатынына кәміл сенемін».

Кітап авторы Фың Ишу: «Мемлекеттеріміз арасындағы ықпалдастық жылдан-жылға жоғары деңгейге көтеріліп, барлық бағыт бойынша дамып отырғаны жүрегімізге қуаныш ұялатады. Адамзат қоғамындағы жаңа тарихи кезеңде жаһандану мен ақпараттық төңкеріс үдерістері түрлі халықтарды бір-біріне жақын етіп, бір тағдыр қоғамдастығын қалыптастырды. Бұл бәрімізге ортақ қоғамдастықта мүдделер мен дамудың жалпы бағыты тоғысып, бір-біріне тәуелді болғанын да айта кеткен жөн. Соңғы жылдары мемлекеттердің халықаралық аренадағы рөлі мен кешенді күш-қуаты айтарлықтай нығайды. Оның себебі: тату, бейбіт өмір, өзара бүкіл әлем мойындады. Осы жағдайларда «ортақ келісімге келіп, оны құрып, нәтижесінің жемісін бірге көруді» негізгі қағида ретінде қабылдап, уақыт өте бұл ережеден «Бір белдеу – бір жол» атты ұлы бастама қалыптасты.

Өз бағытының ең бастапқы, шығыстағы нүктесінен Азия-Еуропа атты жаңа континенттік көпір табиғаты тамаша, тарих пен мәдениеттің көне ескерткіштеріне тұнған жазықты кесіп өтеді. Бұл тарихи ескерткіштермен таныса отырып, олардың кескінінен, сыртқы көрінісінен  конфуцийшілдіктің, буддизмнің және даосизм мұрасының белгілерін жазбай тануға болады. Дегенмен, олар – бөлек элементтер емес,  ұлттық мәдениетті қалыптастырған дүниенің нағыз мазмұны. Бұл кеңістіктен мыңжылдықтар бойы араласып, бір-біріне сіңіп кеткен жергілікті және сырттан келген дәстүрлердің араласуының ізін көреміз. Даосизмнен біз «Дао табиғатқа сүйенеді» тұжырымын, конфуцийшілдіктен – «алуан пікір арқылы келісімге жетуге» әзірлікті, буддизмнен – «үйлесімді әлемнің» космологиялық тұжырымын қабылдадық. Еуразия құрлығының елдері тек қана ортақ тау сілемдері мен тасқынды өзендері арқылы ғана емес, сонымен қатар ежелгі Жібек жолының бағыттарымен де байланысқан. Еуразия елдерінің тамаша табиғатына тамсана отырып, олардың халқына деген терең достық сезімім арқылы мен ерекше тебіреніспен және сүйіспеншілікпен осы бағыттардағы өмір салтын, мәдени дәстүрлер мен ғұрыптарды, тарихи ескерткіштер және қазіргі нышандар мен таңбаларды өз қылқаламыммен суреттеуге тырыстым» дейді.

Автордың айтуынша, Жібек жолын қайта жаңғыртуға байланысты парасатты және ақылға салынған көзқарас тек қана  біздің тарих пен заманауи жағдайға байланысты ұғымымызды өзгертіп қоймай, сонымен қатар бүкіл ғаламшар халқы үшін ортақ әрі тамаша мекенді құруға, анағұрлым саналы халықаралық тәртіпті  орнату бағытында бірге қадам басуға түрткі  бола алады.

«Көп жылдық елшілік қызметім барысында және тәжірибелік ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру жолдарын іздеу кезінде осындай «жүректен – жүрекке» деген сұхбат қарым-қатынас пен өзара сапаландыруға ықпал ететініне көз жеткіздім. Оқырман назарына ұсынып отырған менің Жібек жолы бағыттарындағы халықаралық жобаларға қатысуыммен байланысты оқиғалар жөніндегі деректер мен естелік үзінділері халықтарымыздың рухани жақын болуға деген талпынысына ықпал етіп, халықаралық мәдениетаралық алмасу саласындағы қызметке енді кіріскен (немесе болашақта қызмет істейтін) жастарға пайдасы тиеді деген үміттемін» дейді автор.

Нұрғиса САҚ