Аннотация:
Кітапта қытай әдебиетінің көрнекті өкілі, қазіргі заманғы шағын прозаның танымал шебері Лао Маның сатиралық хикаяттары берілген. Көптеген хикаяттарына қытай халқының Үлкен секіріс пен Мәдени төңкеріс кезінде басынан кешірген нәубетті жылдардың және одан кейінгі кезеңнің оқиғалары арқау болған. Автор қолтаңбасына тән сатира әдісінің көмегімен автор кейіпкерлерін - коммунистік Қытайдың кішігірім шалғай қалашығындағы аңғал әрі бақытсыз, қорғансыз әрі үріккен тұрғындарының шиеленісті тағдырларын шынайылықпен бейнелейді.