Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

                                                                                                    

27 ақпан күні «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы мен әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінеқарасты Қытайтанукафедрасының ұйымдастыруымензаманауи қытай жазушысы Ван Мэннің «Әсем көріністі өлке» атты шығармасының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.

«Бір белбеу – бір жол» бастамасының он жылдығы мен қытай мәдениеті күні аясында өткен іс-шараға Алматыдағы Қытай Бас консулдығының өкілдері, ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Ұлттық Кітап палатасы өкілдері, қытайтанушы мамандар, БАҚ өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары қатысты. Келген қонақтар Кітап көрмесін тамашалап, қытайдың шәй құю, киім тігу және кию  мәдениетімен, иероглифті жазбаларымен танысуға кеңінен мүмкіндік алды. Мәдени шараны халықаралық «Көршілес» журналының атқарушы бас редакторы, ақын Саят Қамшыгер жүргізіп отырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Жұлдыз Дәпенқызының, Қытай «Жаңа Әлем» баспасының директоры Ли Чунькайдың екі томдық кітап туралы айтқандары көпшілікті тәнті етті.

                                                                                                   

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, ҚР Кітап палатасының төрағасы Әділ Қойтанов, қытайтанушы ғалым, т.ғ.д., профессор Нәбижан Мұқаметханұлы романның сюжетін, оқиға желісін көпшілікке баяндап берді. Осыдан кейін тоқсан жасқа таялған жазушы Ван Мэннің бейнебаяндамасы онлайн түрінде көрсетілді.Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры,қытайтанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлының баяндамасы көпшілікті тебірентті. Үш бағытта қытай мамандарын даярлау, ғылыми мақалалар жазу, ұлттық дәстүр мен жаңашылдықты қатар ұстанған филолог ағамыз әлем әдебиеті туралы көп білетіндігін көрсетті. Қазақ жазушыларын қытай тіліне аударудың, әлемге танытудың маңыздылығын тілге тиек етті. Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының өкілі Чжун Хуа Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс тек саяси, әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар мәдени сала бойынша да күшейіп келе жатқандығы қос елдің ынтымағын біріктіретін, жазушының қытай мен ұйғыр халқының арасындағы тағдырлас өмірді шынайы жеткізіп жазғандығына жоғары бағасын берді. Кітаптың редакторы Ләйлә Ноғайбекқызы шығарманың көтерген жүгі жөніндегі пікірлері жиналғандарға ой салды. «Шығыс әдебиеті» ЖШС-нің бас директоры Му Пин мырза барлық келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, Халықаралық «Шанс» және «Шығыс әдебиеті және өнері» баспаларының жұмысына, алдағы қойылған жоспарына қысқаша тоқталды. Сонымен қатар ол шығарманың әсерлі жазылғандығын ерекше тілге тиек етті.

ҚР Ұлттық Кітап палатасы,ҚР Ұлттық кітапханасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық ғылыми кітапханасына екі томдық роман сыйға берілді.Шара барысында Қытайтану кафедрасы оқытушылары еңбектерінің де көрмесі өтті.

«Әсем көріністі өлке» – Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық жерге жіберіліп, жұмыс істеген кезінде жазған романы екен. Шығармада қытай мен мұсылман халқының ерекше тарихи кезеңдегі өмірі, тыныс-тіршілігі шынайы көрініс тапқан. Тіпті негізгі кейіпкерлерінің есімдері Сәлім, Мәжит, Болатжан, Құттыжан, Мұса, Шырынгүл, Шолпанхан, Райым, Зейнеп және т.б. осылай жалғаса береді. Халықаралық «Монделло» және Қытайдың бірнеше әдеби сыйлықтарының иегері, жазушы Ван Мэн қазіргі күні Қытайдың Орталық мәдениет және тарихи ғылыми-зерттеу институтында қызметкер болып еңбек атқарады. Ван Мэн мырза Қытайда «Халық өнер қайраткері» атағының иегері. Оның көптеген шығармалары Қытайда кеңінен танылып, оқырманның оң пікіріне ие болуда. Ал солардың арасындағы беткетұтары – «Әсем көріністі өлке» романы 9-шы «Мао Дун атындағы әдеби сыйлықпен» марапатталған. Бұл романда Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қарапайым ауыл өмірі суреттелген. Шығармада, сондай-ақ, сол өңірдің тарихи мәдениеті және этникалық салт-дәстүрлері егжей-тегжейлі баяндалады. Романда нақты тарихи жағдай аясындағы мұсылман мен қытай арасындағы терең ауызбіршілік пен шынайы тұрмысы,  достық қарым-қатынасы көрсетілген.

https://www.kaznu.kz/kz/11841/news/one/36174/
https://www.facebook.com/100010130347733/posts/pfbid02Fyf3UkdrzPGVhNg4pVDuQXXjd8G5no43DBDV7LREVFRi8kuG2YdR33VWMUVuZPuFl/?d=w&mibextid=qC1gEa