Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

                                                                                                                                             

Бүгінде жұмыс берушінің өзін маман дайындау процессіне араластыру заман талабына айналған. Бұл әлемдік тәжірибеде өзінің тиімділігін дәлелдеген әдіс. Бұл мәселе әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің де назарынан тыс қалып отырған жоқ.  Университтің даму стратегиясында бұл бағыт жоғары деңгейде қарастырылған. Осы міндетті жүзеге асыру үшін шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасы жұмыс берушілермен тығыз жұмыс жасап отыр. 
2023 жылдың 2 ақпанында Қытайтану кафедрасы «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясымен келіссөздер жүргізді. Аталған компания бас директорының орынбасары Жеңіс Жұмағұлұлы Шығыстану факультеті деканы Н.Емнің қабылдауында болды. Жеңіс Жұмағұлұлы аудармашы маман дайындауға қатысты өзінің ой-пікірін ортаға салып, болашақта маман дайындау процессіне белсенді атсалысуға дайын екенін айтты. Кездесу барысында Қытайтану кафедрасы мен «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы арасында ынтымақтастық орнату туралы келісімшартқа қол қойылды. Екі мекеме жақын арада бірлесіп біраз ауқымды шараларды ұйымдастыруға келісті.  https://www.kaznu.kz/kz/11841/news/one/35630/