Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

БОЛАШАҚТАН  ӘРЕКЕТКЕ ДЕЙІН

   «Бір белдеу – бір жол: болашақтан әрекетке дейін» – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «XXI ғасырдағы теңіз Жібек жолының» жаңартылған атауы. Ол Азия мен     Еуропаны байланыстыратын аса зор экономикалық одақ әрі ежелгі Ұлы Жібек жолы рухына негізделген стратегия. Ол – аймақтар арасындағы ашық-айқын ынтымақтастық     құрылымы.

 Ежелгі отаршылдық пен тарихта пайда болған әртүрлі гегемонистік тәжірибелерден ада құрылымның мақсаты – саяси сенім, экономикалық байланыс және адамгершілікке   негізделген мүдделер, тағдыры бір әрі жауапкершілігі ортақ қауымдастық. Сондықтан 60-тан астам ел мен халықаралық ұйым «Бір белдеу – бір жол» жобасын құруға қатысуға   қолдау білдірді. «Бір белдеу – бір жол» жобасы бара-бара кеңейіп, жалпы дамудың сара жолына шықпақ. Чжао Кэцзиннің «Бір белдеу – бір жол: болашақтан әрекетке дейін» атты кітабында осы тақырыпқа қатысты маңызды мәселелер төңірегіндегі сарабдал ой-толғаныстары жан-жақты баяндалған.

«Бір белдеу – бір жол: болашақтан әрекетке дейін» – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «XXI ғасырдағы теңіз Жібек жолының» жаңартылған атауы. Ол – Еуразия құрлығын кесіп өтіп, Шығыста Азия экономикасын Батыста Еуропаның экономикасына тоғыстыратын торап.

Аймақтар арасындағы экономикалық ынтымақтастық формасынан «Бір жол – бір белдеу» жобасы қанатын кеңге жайды. Мақсаты – теңқұқықты, ашық, еркін, толерантты, жалпыға бірдей пайдалы, қолжетімді экономикалық ынтымақтастық іргетасын құру. Оның дамуы саясаттағы өзара сенімге, экономикалық интеграцияға, мәдениетпен тығыз байланысты мүдделердің тоғысуымен ұштасып, «Бір қоғам – бір тағдыр» тұжырымдамасы мен қауымдастықтың міндеттеріне айналды.

Қазақстандағы Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде Си Цзинпин «Саяси қарым-қатынас, жол қатынасы, үздіксіз сауда-саттық еркіндігі, ақша айналымы мен халықтың өзара бірлігі» сияқты бес басты маңызды байланысты атап өткен болатын.

Нұрғиса САҚ