Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    
book

Қылқалам арқауы – Жібек жолы

  • ISBN:
    978-601-7970-09-3
  • Автор:
    Фың Ишу
  • Год выпуска:
    2019
  • Жанр:
    История
  • Язык:
    Казахский
  • Издатель:
    Шығыс әдебиеті және өнері
  • Переплет:
    Твердый
  • Объем:
    168
stars 4.5
тг

Аннотация:

Біздің баспадан жарық көрген тағы бір кітап – қытай дипломаты Фың Ишудың «Қылқалам арқауы – Жібек жолы» кітабы.

Ұлы Жібек жолы – халықтар достығының ұлы дастаны. Ғасырлар бойы Қытай осы жол арқылы түрлі елдермен байланысын орнатқан. Бүгінде аталған ежелгі жол көз алдымызда қайта жандануда. Қытай елшісі Фың Ишу өз еңбегінде Қытай мен Еуразия елдері арасындағы берік достық жайлы әңгімелеп, жалпы естеліктер қазіргі кезеңдегі ынтымақтастықты бұрынғыдан да нығайта түскенін айтады. 

Аталған кітап қамтыған географиялық кеңістік – Азия-Еуропа атты жаңа континенттік көпір түскен елдер, Арктикадан Үнді мұхитына дейін және Тынық мұхиттан Балтық теңізіне дейінгі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер – бір-бірімен белсенді түрде қарым-қатынас орнатқан кең байтақ жер. Кітапта Қытай мен Орталық Азияның достық байланысының мың жылдық тарихы баяндалып, «Бір белдеу –  бір жол» тұжырымдамасының негізін құрайтын мәдени аспектілері көрініс тапқан; еңбекте өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, өзара кеңес алмасу, мәдени әртүрлілікке құрмет көрсету мен ортақ дамуға талпыну қасиеттері тән «шанхайлық рухтың» тарихи қалыптасуы туралы айтылады. Қазақ тіліне аударылған еңбек Қытай мен шет елдердің мәдениеті туралы танымдық ақпаратқа толы, автордың қаламынан туындаған қытай стиліндегі суреттермен безендірілген. Бұл кітап Қытай және Орталық Азия елдерінің мәдениетімен жақын танысуға ынталы  жандарға және қытай тілін үйренушілерге тамаша көмекші құрал болмақ.