Аннотация:
Бұл монография - б.з.д. 114 жылы Қытай жерінен басталып, бір ұшы Қиыр Шығысты, екіншісі Еуропа елдерін жалғаған Ұлы Жібек жолының бойындағы Қытай мәдениетінің тарихи материалдық мұраларын талдау арқылы Қытай өркениетінің даму жолын жан-жақты баяндаған ғылыми-зерттеу еңбек. Қытай мәдениеті Шығыс, Орта Азия және Қазақстан халықтарының мәдениетімен сабақтас екені мәлім. Бұл тұрғыдан алғанда, еңбек - Қазақстанның ерте және орта ғасырлардығы тарихын білгісі келген ізденушіге де құнды ғылыми бұлақ көзі бола алады.
Кітап қытайтанумен шұғылданғандарға, қалың жұртшылыққа және тарихқа қызыққан оқырман қауымға арналған.