Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    
book

Қытай халқының қысқаша тарихы

  • ISBN:
    978-601-80734-4-1
  • Автор:
    Лу Чженюй
  • Год выпуска:
    2018
  • Жанр:
    История
  • Язык:
    Казахский
  • Издатель:
    Шығыс әдебиеті және өнері
  • Переплет:
    Твердый
  • Объем:
    238 стр.
stars 4.5
Цена: 1 680 тг
другие книги от автора
смотреть все

Аннотация:

Адамзат баласы жер бетінде тіршілік кеше бастаған алғашқы сәттен бері қаншама дәуір артта қалды. Бүгінгі күнге жеткенше алдыңғы толқын куә болған қилы кезеңдер өткен замандардың еншісіне бұйырып үлгерді. "Бүгінгі күн - ертенгі тарих" демекші, бұрынғыға бір уақыт саяхат жасап, үлгі, сабақ алғанның несі айып? "Тамырсыз ағаш - өспейді, тарихсыз ел - көшке ілеспейді". Адам өз тарихын білмей, ұлт болып қалыптаса алмайды.

ХХІ ғасырда қоғамның барлық саласында аты оза шауып, әлемде алып державаға айналған Аспан асты елінің бас айналдырар табыстарға жетуі оның өткенімен  тікелей сабақтас екендігі мәлім. Мұндай жетістіктер мекеніне келгенше қандай қиындықтар мойынсұнып, туындаған мәселелердің  шешімі қалай табылды? Осы орайда, Қытай  мемлекетінде мекендейтін түрлі халықтардың тарихтың соқтықпалы-соқпақсыз бұралаңында жүріп өткен жолы "Қытай халықтарының қысқаша тарихы" кітабына арқау болған. Аталмыш кітапта Қытай елінде ғұмыр кешкен түркі халықтарды, оның ішінде қазақ ұлтына да қатысты мәліметтер бар.

"Қытай халықтарының қысқаша тарихы" кітабы алғаш рет қазақ тіліне аударылып, басылып отыр. Кітап көзі қарақты, білімге құштар әрі Қытай елінің мәдениетіне, тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.