Аннотация:
Дүнхуаңтану- бұл Қытай Халық Республикасының Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі мәдени ошақтарының бірі - Дүнхуаң аймағындағы үңгірлерден табылған III-XI ғасырларға тәндік тарихи жәдігерлерге,құжаттарға сүйене отырып жүргізілген және әлі де зерттеу істері жалғасып жатқан шығыстану ілімінің бір саласы.
Бұл дәрістерден ортағасырлық Қытайдың және оған іргелес Орталық Азия елдерінің тарихы,мәдениеті,діндік ұстанымдары,кәсіпкерлігі,қол өнері,әдебиеті жөнінде ауқымды мәліметтерді алуға болады.
Дүнхуаңтану бойынша қазақ тілінде алғаш рет жарияланып отырған бұл еңбек оқырмандардың қызығушылығын тудырады деген сенімдеміз.