Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

Мәскеу көрмесі мәресіне жетті 

Отыз екінші рет ұйымдастырылып отырған Мәскеу қаласындағы кітап көрмесі Еуропа мен Орта Азия елдеріндегі ең көлемді көрме болып есептеледі. Күздің басында өтетін аталмыш шараға Ресей елі аса ұқыптылықпен дайындалады. Бірнеше мемлекеттен келген баспа өкілдерін зор ықыласпен қарсы алып, оларды жайқастырады. Содан кейін көрме алаңында оқырмандармен кездесу ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

 

          Ат шаптырым көрме алаңының басым бөлігін алған Біріккен Араб Әмірлігі болды. Мәдениеті мен әдебиетін таныстыруға келген аталмыш елдің өкілдері көпшілікті әдемі әуендерімен қарсы алып жатты. Ал осы елдің орнына қарама қарсы орналасқан Беларус елінің өкілдері де осал дайындалмаған. Қытай жағының өкілдері бірінен соң бірі бірнеше кітаптың тұсауын кесті. Ортада ежелгі баспа құралдарын алып келген азаматтар тарихтан сыр шертіп, өткенге көз жүгіртірді. Әрине ежелгі баспа құралдары өте баяу, әрі көп күшті қажет еткенін тілге тиек етпей кету әсте болмас. Осындай үлкен шара кезінде Қазақстан туын «Фолиант» баспасы желбіретті. Баспа өте жоғары дайындықпен келген. Сондықтан да олардың кітаптары жүлделі орындарға ие болды.

 

          Бес күнге ұласқан шара барысында жеткен жетістігіміз шетелдік авторлармен кездесіп, кітап туралы толымды ойларын ойға түю болды. Сонымен қатар, кітап сапасына қатысты ой түйдік. Алдағы уақытта түйген ойымызды көпшілікке паш етуге асықпыз.