Мы работаем:
Пн-Пт 9:00-18:00, Сб,Вс. - выходной
call-центр:
8 (727) 313-89-21
Қытай кітапқа қырын қарамайды

2019 жылдың 20 тамызында Бейжіңде кітап көрмесі бастау алды. Аталмыш көрме 1986 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді. Мұнда әлемнің 100-ден астам елі полиграфиялық өнімдерін көрмеге алып келді. Бұл көрме әлемдегі ең мықты көрмелердің бірі болып есептеледі. Осынау көрмені көзбен көру мүмкіндігіне бас редактордың орынбасары Нұрғиса Сахов ие болды.

- Қытай елі кітапқа аса қатты мән береді екен. Оны көрме залына бас сұққан бетте бірден байқадық. Ықтыятты дайындық көзге басып тұр. Жазушылар мен ғылыми қызметкерлер ұйымдастырылған шаралардан тіпті қолдары босамайды. Қолдан-қолға тигізбей олардың еңбектеріне насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді мұндай мықты жарнама жұмыстарынан кейін кітап оқымай көріңіз. Көрмеден кішкентай ғана оқырмандарды көріп көңілің көтеріледі. Өте әсерлі. Кітапқа қызыққаны сонша жерде отырып алып кітап оқып отыр. Ал білім түбінде адам баласын алға сүйреп шығады. Міне, көрмеден түйген ой осы, - дейді Нұрғиса Өмірбайұлы.

Осы шара кезінде Қытай баспаларының бірімен ықпалдастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Мақсат – олардың жетістіктерін елімізге алып келіп, кітап сапасын көтеру. Көрме кереметін суреттер жеткізсін.