Книжный магазин Шанс Алматы
Мы работаем:
Пн-Cб. 10:00-19:00 / Вс. - выходной.  г.Алматы, пр.Абая 34/96, уг.ул.Масанчи
call-центр:
   +7 708 744 50 13    @shans_almaty | @shans_almaty_books    Shans Almaty    

Әдебиет – алтын көпір

Баспа компанияның ұйымдастыруымен «Әдебиет – алтын көпір» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға бір топ шығармашылық адамдары БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» тұғырнамасы аясында ұйымдастырылған шараның модераторы  «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Қанағат Әбілқайыр: «Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім-ғылымға назар аударуы – көрегенділік пен ұлттың алға жылжуын жылдамдата түсетін қозғаушы күш. Түптеп келгенде бұл – қазақ елінің бақытты болашағы үшін жасалып жатқан ерен еңбек. Өйткені, рухани кемелдене түсуіміз жеке азаматтарымыз үшін де, қоғам үшін де өте маңызды үдеріс. Білімі мықты ел тозбайтыны анық. Кез келген тығырықтан сытылып шығып сара жолмен даму жолына түсіп кетеді. Шет елдің ғылым-білімін меңгеру артықтық етпейді. Міне, бүгінгі таңда Президент қара домалақтарымыздың шетелде оқып, тәжірибе жинақтауына да мүмкіндік беріп келеді. Керісінше, қазақ даласына озық елдің ғылым-білімін алып келіп аударамын десеңіз де шектеу жоқ. Бүгінгі шара соның нақты айғағы деп білеміз,-деді. Мұнан кейін сөз алған Баспа компанияның Бас редакторы Гүлнұр Қыранбайқызы: – Қазір бой жарыстыратын заман емес, керісінше ой жарыстыратын кезең. Егер алға мақсат қойып, соған жету жолында барыңды сарқысаң ғана арман орындалады. Әрине, біліммен қаруланған болсаңыз ел болашағын жарқын қыларыңыз айқын. Сол секілді оқысаңыз, білсеңіз ғана үкілеген үмітті ақтап, артыңыздағы халқыңыздың сеніміне селкем түсірмейсіз. Қазақ: «Білмегенді білгендерден сұрап біл, түк білмейтін надандардан молаңды да жырақ қыл» демей ме? Ендеше бізде білмегенімізді білуге ұмтылуымыз керек. Елбасы Н.Назарбаев «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі» деп көрсетті ғой халыққа ұсынған «Рухани жаңғыру» атты басты құжатта. Өзіміздің мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді сақтай отырып білім алуымыз керек. Осы орайда айтуымыз керек, Баспа компанияны ашуымыздың да басты себебі шетелдің экономикалық, мотивизациялық, ғылыми-әдеби еңбектерін қазақ тіліне аударып, келешек жастарымызға ұсыну. Ал оқып білген ешқашан еш жерде артық етпейді» деді.     

Аударма ісін дамытуды қолына алған баспа компания ашылғанына бір жылға жуық өтседе қомақты шаруаны жүзеге асырыпты. Оннан астам Қытай тіліндегі тарихи-әдеби еңбектерді қазақ тіліне тәржімалап, оқырманға жолдап үлгеріпті.

Көрген білгенімізді ортаға сала отырып, болашақты қалыптастырамыз. Көргенді ойға түю – оқу, білім арқылы қалыптасады. Оқу, ойға түю бір күндік жұмыс емес. Ендеше болашақ үшін жүгі ауыр жұмысты қолға алған ұжымға сәттілік тілейміз.